• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 09:50

Ұшақ апатынан көз жұмған ел азаматтарының жақындарына көмек көрсетіледі

17 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында ұшақ апатына байланысты құрылған Үкіметтік комиссия штабы жұмысын жалғастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі Azerbaijan Airlines ұшағында болған ел азаматтарының аты-жөнін анықтады. Министрлік мәліметінше, ұшақ апатынан Қазақстанның 6 азаматы көз жұмған. 

Үкіметтік комиссия штабы көз жұмған Қазақстан азаматтарының отбасына қаржылай көмек көрсетілетінін хабарлады. 

Вице-премьер Қанат Бозымбаев құтқару жұмыстарын жалғастыру, зардап шеккендерге қолдау көрсету және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша нақты тапсырма берді.

«Ұшақ апатынан қаза тапқан Қазақстан азаматтарының отбасыларына қаржылай көмек көрсетіледі. Сондай-ақ Маңғыстау облысына келген қайтыс болған шетелдік азаматтардың жақындарына да қажетті көмек беріледі», делінген Маңғыстау облысының әкімдігі таратқан хабарламада.