Премьер-министр Олжас Бектенов Ішкі істер министрлігінің алдына есірткіге қарсы күресті күшейту үшін қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін талдау міндетін қойды, деп жазады Egemen.kz.
Бүгінгі таңда тыйым салынған заттарды тұтыну деңгейі өсіп, таралу тәсілдері кеңейіп жатыр. Үкіметтің мәліметінше, түнгі клубтарда есірткіні насихаттау және сату белсенді жүргізіледі. Оны таратуға 14 жасқа дейінгі балалар да қатыса бастаған.
«Әлеуметтік желілер арқылы оңай сатып алуға болатын есірткінің жаңа түрлері пайда болуда. Осыған байланысты, Ішкі істер министріне жауапты бөлімшелердің жұмысын қатаң түрде бағалауды және есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын», деді Олжас Бектенов.