• RUB:
    5.17
  • USD:
    528.52
  • EUR:
    539.14
Басты сайтқа өту
Технология 26 Желтоқсан, 2024

Аграрлық университетте ауылшаруашылығы дрондарын зерттеу орталығы ашылды

157 рет
көрсетілді

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Қазақстан Қытай ауылшаруашылығы дрондарын зерттеу және оқыту орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына  ҚХР Алматыдағы Бас консулы Цзян Вэй ханым, ҚХР ғылым және технологиялар бойынша консулы Жанг Вэй, EAVISION компаниясының директоры Цзай Хой қатысты.

Салтанатты шара барысында университетінің басқарма төрағасы-ректор, Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик Ақылбек Күрішбаев: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздегі өзекті мәселенің бірі – су шаруашылығы саласына қажетті гидротехниктер, гидротехникалық инженер-құрылысшылар, гидрогеологтар, гляциологтар сияқты білікті кадрлар даярлау міндетін алға қойған болатын. Осыған орай, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 2024-2025 оқу жылында нарықта сұранысқа ие мамандар даярлау мақсатында «Су ресурстары және IT технологиясы» факультеті құрылды. Факультет су ресурстарының озық технологияларын пайдалана отырып, су ресурстарын тиімді басқаруды, сандық технологияларды игерген әлемдік деңгейдегі білікті мамандарды даярлауға кеңінен жол ашады. ҚазҰАЗУ еліміздегі агроөнеркәсіптік секторды дамыту және білікті мамандар даярлау жұмыстарын сәтті жалғастыра отырып, Қытай аграрлық университетімен және EAVISION компаниясымен бірлесіп, бірегей жоба – «Қазақстан-Қытай Ауылшаруашылығы дрондарын зерттеу және оқыту орталығын» ашып отыр. Бұл орталықтың басты мақсаты – заманауи дрон модельдерімен және тренажерлармен жабдықталған ұшқышсыз ұшатын аппараттарды басқара алатын, оларды ауыл шаруашылығының түрлі салаларын дамытуға тиімді қолдана отырып, практикалық мәселелерді шешуде, мониторинг, карта жасау, қоршаған ортаны зерттеу және ауыл шаруашылығына қатысты басқа да тапсырмаларды жүзеге асыра алатын білікті мамандар дайындау» деп атап өтті.

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті Қытайдың 40-тан астам университеттерімен, ғылыми зерттеу ұйымдарымен және компанияларымен белсенді ынтымақтаса отырып, су шаруашылығы, орман шаруашылығы агрономия, ветеринария, зооинженерлер, азық-түлік қауіпсіздігінің технологтары, жер кадастры мамандарын дайындайтын түрлі халықаралық орталықтар мен зертханалар ашылды.

Биыл тамыз айында  университетте «Ташкент ирригация және ауылшаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» ұлттық зерттеу университетінің филиалы ашылып, 31 студент оқуды бастап кеткен болатын.  Мұнымен қоса АҚШ-тың жетекші оқу орны Небраска Линкольн Университетімен бірлесіп, өзара тиімді әріптестікті дамыту аясында «Еxtension services Орталығы» құрылып, еліміз фермерлері арасында жаңа технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді ұсыну және тарату жөніндегі ынтымақтастық жобалары қолға алынған еді. Сондай ақ «Dayu Irrigation Group» компаниясымен бірлесіп, су ресурстарын ақылды басқару үшін «Қазақстан-Қытай су үнемдеуді цифрлы басқару» зертханасы құрылды. «DAYU irrigation Group» компаниясы, суды өлшейтін құралдар мен зертханалық жабдықтарды жеткізуге 1 миллион доллардан астам инвестиция салды. Нәтижесінде Алматы облысындағы Шелек өзенінде суды сандық есептеу технологиялары енгізіліп, суарудың түрлі технологиялары қолданыста. Ал Ланьчжоу университетімен  бірлесіп ашылған «Қазақстан-Қытай Ақылды ауыл шаруашылығы» орталығында 3  ғылыми зертхана және 3 платформа құрылып жатыр.

Орталықтың ашылуы барысында EAVISION компаниясының директоры Цзай Хой университет ұжымына микроавтобустың кілтін табыс етті.

АЛМАТЫ