• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Алматы өңіріндегі су қоймаларынан 200 млн текше метрге жуық су жіберілді

18 рет
көрсетілді

Бұл туралы сала министрлігінің баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде «Қазсушар» мекемесінің Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалы Бартоғай су қоймасынан 30%, Күрті су қоймасынан 20% су жіберді.

Осылайша, екі қойма көктемде су тасқынын қауіпсіз өткізу үшін шамамен 420 млн текше метр су қабылдай алады.

Жиналған тасқын су суару кезеңінде шаруалардың қажеттіліктеріне пайдаланылады.

Естеріңізге салайық, биыл филиал 50 мың гектардан астам егіс алқабын 544 млн текше метрден астам сумен үздіксіз қамтамасыз етті.

«Су тасқыны кезеңінде дайындық жалғасып жатыр, бүгінде су қоймалары жұмысының кестесі әзірленді. 2 су қоймасы техникалық тұрғыда көп факторлы тексерістен өтіп, тасқын суын қабылдауға дайын», деді «Қазсушар» филиалының директоры Бақыт Әбішев.