Қызылорда облысындағы Сырдария ауданында браконьерлік топ анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Тоқтатылған 2 автокөліктің («УАЗ» және «НИВА») бірінен аңшылық қару-жарақ пен оқ-дәрілер анықталған. Олар киік пен қояндарды заңсыз аулаған.
«Киік» рейдтік іс-шаралары барысында аталған заңсыз аңшылыққа тосқауыл қойғандар – РКҚ «ӨБ Охотзоопром» және орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі инспекциясы инспекторлары.
«Барлық ұсталғандар жергілікті полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу басталды», делінген ведомство хабарламасында.