Түркістан облысы Сарыағаш ауданында полицейлер Daewoo Nexia көлігін айдап кетуге қатысы бар деген күдікпен бұрын сотты болған 22 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Анықталғандай, күдікті жігіт жәбірленушінің танысы болып шыққан. Өзінің жүргізуші куәлігі жоқ болса да әріптесінің көлігін бірнеше рет сұрап мазалаған. Алайда, жігіт көлік иесінің келісімін алмай, оталдыру кілтін құлпына жиі қалдыратынын есіне түсіп, ертесі күні оған ескертпестен көлікті айдап кеткен.
Тәртіп сақшыларының арқасында ұрланған автокөлік Шымкент қаласынан табылып, заңды иесіне қайтарылған.
Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа жіберілген.