Кеше, 28 желтоқсанда Ақтау маңында болған ұшақ апатында қаза тапқан 24 Әзербайжан азаматының (оның ішінде үшеуі - экипаж мүшесі) мәйіті еліне жөнелтілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Маңғыстау облысы әкімдігінің хабарлауынша, кейінгі күндері қаза тапқан адамдардың тегі мен аты-жөнін анықтау бойынша тынымсыз жұмыс жүргізілді.
ДНҚ талдауларына марқұмдардың жақын туыстары қатысты.
Еске салайық, 25 желтоқсан күні болған ұшақ апатынан 29 адам тірі қалған. Медициналық көмек алған Әзербайжанның 14 азаматы туған жеріне оралды.