«Қазгиромет» РМК алдағы мереке күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болатынын мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар, бұрқасын, 1-2 қаңтарда қатты екпінді жел, батыста, оңтүстік-батыста, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп болжанған.
Ал 31 желтоқсан күні еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы ықтимал. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі.
«Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы: түнде батыста -5 градус аяз, күндіз 3 градус аяз, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 2-13 градус аязға дейін, күндіз 7 градус аяз -2 градус жылы, шығыста түнде және күндіз 0-8 градус аязға дейін жоғарылауы ықтимал, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді», делінген «Қазгиромет» РМК хабарламасында.