• RUB:
    4.88
  • USD:
    525.11
  • EUR:
    546.74
Басты сайтқа өту
Ауа райы 31 Желтоқсан, 2024

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

33 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан территориясының басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде түседі. Еліміздің оңтүстік-шығыс аймағында қатты қар жауады.

Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.