Таным 01 Қаңтар, 2025

Ғалам ғажаптары: Шырша сәндеудің сыры

73 рет
көрсетілді

Жаңа жылды шыршасыз елестету мүмкін емес. Мерекенің рәмізіне айналған ағашты сәндеп, шамдарын жағу жылдағы жаңылмайтын дәстүр. Ал бұл дәстүрдің қайдан шыққанын білесіз бе?

Шыршаны сәндеу дәстүрі ежелгі таби­ғатқа табыну кезеңінен бастау алады. Сол­түстік Еуропа халықтары мәңгі жасыл ағашты өмір мен молшылық рәмізі деп есептеп, қыстың ортасында үйлеріне әкеліп қойған. XV-XVI ғасырларда бұл дәстүр Германияда жаңаша сипат алады. Немістер шыршаны жеміс-жидек, жаңғақ және тәтті тағамдармен безендіріп, оны қысқы мерекенің басты белгісі санаған. Аңыз бойын­ша, Мартин Лютер ормандағы қар басқан шыршалар мен жұлдыздардың жарқырап тұрғанын көріп, оны үйінде жасап көреді. Кейін бұл дәстүр Германиядан Еуро­паның басқа елдеріне тарады. XIX ғасыр­да ағылшын патшайымы Виктория мен ханзада Альберт шыршаны Рождествоның басты рәмізіне айналдырды. Осылайша шырша безендіру дәстүрі әлемге кең таралып кеткен.

 

Ең ұзақ тойлайтын ел

Тет мейрамы – вьетнамдықтардың мәдениеті мен дәстүрін дәріп­тей­тін, 15 күн бойы тойланатын әлемдегі ең ұзақ жаңа жыл мерекесі.

Вьетнамда жаңа жылды қарсы алу мере­кесі – Тет мейрамы күнтізбенің алғашқы күнінен басталып 15 күнге созылады. Бұл мей­рам жылдың ең маңызды әрі ерекше уа­қыты саналады. Вьетнамдықтар үшін тет тек жаңа жылдың басталуын ғана емес, та­биғаттың жаңаруы мен отбасылық дәстүр­лерді дәріптейтін кезең болып саналады.