Ауа райы 01 Қаңтар, 2025

Жаңа жылдың алғашқы күні тұман түседі

115 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 2025 жылғы 1 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райына Скандинавия түбегінің аудандарынан циклон әсер етеді, оған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында бұрқасын және екпінді желмен қар жауады, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел күшеюі күтіледі.

Күндіз шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде 30 м/с және одан да көп қатты жел соғады.