Алматы 02 Қаңтар, 2025

Алматыдан 353 шақырым қашық тұста жер сілкінді

55 рет
көрсетілді

Бүгін Астана уақытымен 09:40-та ұлттық сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер орталығының сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 353 шақырым жерде болған (координаттары: 43.950° солтүстік ендік, 81.160° шығыс бойлық).  

Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілмеген.