Ақмола облысындағы тасжолда болған жаппай көлік апатынан 11 адам түрлі дене жарақаттарын алып, Бұланды аудандық ауруханасына түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Астана-Щучинск тас жолында 95 көліктің қатысуымен болған ірі жол-көлік оқиғасынан кейін зардап шеккен 11 адам ауруханаға жеткізілген.
«70-тен астам адам жылыту орталықтарына жеткізіліп, азық-түлікпен қамтамасыз етілді», делінген ТЖМ хабарламасында.
Қазіргі уақытта жол учаскесінде зардаптарды жою жұмыстары жалғасып жатыр, оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметі және «ҚазАвтоЖол» мамандары жұмыс істеп жатыр.
Полицейлер жүргізушілерден патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын мүлтіксіз орындауды, олардың жұмысына кедергі жасамауды сұрады.
«Жүргізушілерді ауа райы жағдайын ескеріп, жолдарда өте сақ болуға және жағдай жақсармайынша бұл бағытта жүрмеуге шақырамыз», деп сұрады полиция қызметкерлері.