Алматы қаласынан екінші рет сапарға шыққан Jibek joly туристік пойызы Самарқан қаласына аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл жолы отандық саяхатшылар, соның ішінде БАҚ өкілдері мен блогерлер «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқан – Шымкент – Алматы» бағыты бойынша жол жүріп келеді.
Туризмді дамыту стратегиясын жүзеге асыру аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Jibek Joly туристік пойызы іске қосылды. Бұл жоба саяхаттың жаңа мүмкіндіктерін ашуға, елдер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға және азаматтардың саяхатқа қолжетімділігін арттыруға бағытталған.