Әзербайжанның AnewZ телеарнасы Ақтау қаласының маңында құлаған ұшақтың апаттан кейінгі суреттерін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Әзербайжан үкіметіндегі дереккөз мәлімдегендей, тергеу амалдарының алдын ала қорытындысы бойынша ұшақты ресейлік «Панцирь-С» әуе шабуылына қарсы қорғаныс кешенінен ұшырылған зымыран құлатқан. Бұл туралы AnewZ телеарнасы хабар таратып отыр.
Бұған дейін Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік министрі Рашад Набиев зымыран атылғанын мәлімдеп, тергеумен айналысып жатқан мамандар осыған қатысты зерттеу жүргізіп жатқанын алға тартқан.
«Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев ұшақты Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғанысы Ресей аумағында байқаусызда атқанын мәлімдеді. Әзербайжан басшысы кінәлі тарап айыбын толық мойындап, кінәлілерді жазалауды, құрбандардың өзіне және отбасына өтемақы төлеуді талап етті», делінген материалда.