• RUB:
    4.95
  • USD:
    527.3
  • EUR:
    544.86
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Қаңтар, 2025

Нокаут алған боксшы 3 күннен кейін жан тапсырған

132 рет
көрсетілді

Бұл туралы Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Дар-эс-Саламда өткізілген жекпе-жекте Хассан Мгайя отандасы Пол Элиастан нокаутпен жеңілген. Сөйтіп, ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, кейін сол жерде жан тәсілім еткен.

«Танзаниялық кәсіпқой боксшы Хассан Мгайя 2024 жылғы 27 желтоқсанда алған нокауттан кейінгі жарақатынан 30 желтоқсанда қайтыс болды. WBC ұжымы мен президент Маурисио Сулейман сүйікті чемпионымыздың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», делінген WBC мәлімдемесінде.

29 жастағы Мгайя кәсіпқой рингте өткізген 9 жекпе-жектің 3-еуінде жеңіске жетіп, 4 рет қарсыластарына есе жіберген, тағы 2 мәрте тең түскен еді.