• RUB:
    4.95
  • USD:
    527.3
  • EUR:
    544.86
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады

152 рет
көрсетілді

Бүгінде Түркістан облысы әкімінің қызметін Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды атқарып келеді, деп жазады Egemen.kz.

Түркістанда депутаттар облыс әкімін тағайындау үшін бас қосады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес, ертең Түркістан облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы өтеді.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Түркістан облысы әкімінің кандидатурасына келісім беру. Бұл туралы облыстық мәслихат аппараты төрағасының арнайы шақыртуы ресми сайтта жарияланды.