• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2010

ПАРЛАМЕНТТІК ЖУРНАЛИСТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

508 рет
көрсетілді

Баспасөз, телевизия және радио күні қарсаңында Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентте тіркелген журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Бұқаралық ақпарат құрал­да­ры­ның өкілдеріне арнаған сөзінде Қ.Тоқаев бұл мереке, сондай-ақ, оқырмандар мен телекөрермендер қауымы үшін де маңызды екенін атап өтті. “Бұқаралық ақпарат құралдары қоғам өмірінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді, қо­ғам­ның көңіл-күйін айқындайды. Халық бұқаралық ақпарат құрал­дарына шын сенеді, оған құлақ асады”, – деді Төраға. Еліміздегі жүргізіліп жатқан ре­формалардың табысты жүзеге асу­ын­дағы бұқаралық ақпарат құрал­да­ры­ның маңызды рөлін атап өте келіп, Қ.Тоқаев биік мақсаттарға қол жеткізудегі, Қазақстан халқы­ның бірлігін нығайтудағы және еліміздің әлемдік аренадағы бе­де­лінің арта түсуіндегі олардың үлесін жоғары бағалады. “Ақиқатын айтар болсам, бү­гінгі қазақстандық журналис­ти­ка­ның деңгейі аса жоғары, біздің қа­рымды қаламгерлер өздерінің шетелдік әріптестерінен ешқандай да кем емес”, – деп атап өтті Төраға. Парламенттік тілшілерге қа­тыс­­ты Төраға мемлекеттік орган­дар жүйесіндегі биліктің заң шы­ға­ру тармағының рөлі туралы нақ­ты және толық ақпараттың берілуі – азаматтардың құқықтық мәде­ниеті­нің арта түсуіне, тұтас ал­ған­да – пар­ламентаризм институты­ның да­муына ықпал ететінін атап көрсетті. Кездесу соңында журналис­тер­ге Сенат Төрағасының Алғысы бе­рі­ліп, “Он делает Историю” кіта­бы мен бағалы сыйлық тарту етілді.