• RUB:
    4.95
  • USD:
    527.3
  • EUR:
    544.86
Басты сайтқа өту
Ауа райы 06 Қаңтар, 2025

Ауа райы -25 градусқа дейін күрт төмендейді

62 рет
көрсетілді

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, сейсенбі, 7 қаңтардан бастап республиканың басым бөлігінде ауа-райы ылғалдың үлкен қоры бар Оңтүстік Каспий циклонымен қалыптасады.

7 қаңтарда Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында – қар жауып, боран соғады.Оңтүстік-батыста, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда – жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Болжам бойынша, 8 қаңтарға қараған түні батыс антициклонымен ауа температурасын күрт төмендететін суық ауа массаларының басып кіруі күтіледі:

түнде республиканың солтүстік жартысында -15-25°С аязға дейін, оңтүстігінде -5-15°С аязға дейін, Алматы және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында -20-25°С аязға дейін төмендейді. «Алайда, 9 қаңтарда күндіз ауа температурасы қайтадан көтеріледі: республиканың солтүстік жартысында 0-5°С аязға дейін, оңтүстік жартысында 0+5°С дейін», делінген «Қазгидромет» хабарламасында. 

Сондай-ақ Қазақстанда желдің күшеюі, тұман және көктайғақ күтіледі.