• RUB:
    5.05
  • USD:
    527.23
  • EUR:
    544.05
Басты сайтқа өту
Энергетика Кеше

Министр АЭС-те қанша маман жұмыс істейтінін айтты

58 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысын қолдау мақсатында отандық колледждер базасында ашылатын жаңа мамандықтарды атады, деп жазады Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, еліміздегі колледждерде дозиметрист, газтурбина слесары, АЭС жабдықтарды жөндеу маманы, ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды оқыту басталады. 

Қазақстанда АЭС салу жобасы бойынша 2030 жылға қарай 5 мыңға жуық адам, ал 2032 жылы құрылыстың шарықтау кезеңінде 10 мыңға жуық маман жұмыс орындарымен қамтамасыз етілмек.

«АЭС-ті пайдалану кезеңінде жоба кемінде 2 мың адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Жаңа жобалардан басқа, қазір жұмыс істеп тұрған ОЭК кәсіпорындарында 2025-2029 жылдар кезеңінде кадрларға жалпы қажеттілік қосымша 16 мыңға жуық жұмыс орнын құрайды», деді Алмасадам Сәтқалиев.

Биыл энергетика саласында жаңа мамандықтар бойынша 4 кәсіби стандарт әзірленеді. Атом саласында 29 кәсіби стандарт жаңартылмақ.

Энергетика үшін кадр даярлауды 40 жоғары оқу орны мен 215 колледж жүзеге асырады. Онда электр энергетикасы, жылу энергетикасы, жаңартылатын энергия саласындағы 7 мамандық бойынша 19 мыңға жуық студент оқиды.

«Электр генерациясы жаңа нысандарының құрылысын, тұтынудың белсенді өсуін және экономиканың дамуын ескере отырып, 2030 жылға дейін сұранысқа ие мамандықтардың тек энергетикаға деген қажеттілігі 20 мыңнан асады деп болжанып отыр. АЭС құрылысын қолдау мақсатында отандық колледждер базасында АЭС үшін персонал даярлау ісі қолға алынады», деді Энергетика министрі.