• RUB:
    5.12
  • USD:
    524.75
  • EUR:
    540.6
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай Кеше

Анталияға бет алған ұшақ жедел түрде Ақтауға қонды

29 рет
көрсетілді

Алматыдан Анталияға ұшқан Air Astana компаниясының ұшағы жедел түрде Ақтауға қонған, деп хабарлайды Egemen.kz.

8 қаңтарда Алматы-Анталия бағыты бойынша КС915 рейсін орындаған Airbus A321 ұшағы әуежайдан жергілікті уақыт бойынша сағат 08:35-те ұшып, сағат 12:36-да Ақтау әуежайына штаттық режимде қонды.

Бұған отын жүйесінің қауіпсіздік клапанының дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған. Рейс Алматыдан қосалқы бөлшек жеткізу қажеттілігіне байланысты 9 қаңтарға сағат 09:20-ға ауыстырылды. Жолаушыларға ыстық тамақ беріліп, қонақ үйге орналастырылып жатыр. Анталиядағы жолаушыларға қатысты да осындай шаралар қабылданып жатыр.