«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Калифорния штатындағы орман өртіне байланысты жағдайды жіті қадағалап отырғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
АҚШ-тың Калифорния штатында Қазақстанның 73 стипендиаты білім алып жатыр, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша 56 студент және «Ғылыми тағылымдама» бағдарламасы бойынша 17 студент оқуға барған.
Олардың барлығы кураторлармен байланыс орнатып, қауіпсіз жерге жеткізілген.
«Стипендия иегерлері жергілікті биліктің ұсынымдарын орындап, жағдайды жедел хабардар етіп отыр. Біз университеттермен тұрақты байланыстамыз», деп түсіндірді орталық мамандары.