• RUB:
    5.16
  • USD:
    526.81
  • EUR:
    542.72
Басты сайтқа өту
Медицина Кеше

Науқастарға тегін дәрі-дәрмек беру жүйесіне өзгеріс енгізіледі

38 рет
көрсетілді

Антикор Абай облысының денсаулық сақтау саласын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне тексеру барысында «СК-Фармация» ЖШС медициналық препараттарды уақытылы жеткізбейтінін анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Мұндай жағдай тегін дәрі-дәрмек тапшылығын тудырып, пациенттерді өз қаражатын жұмсауға итермелейді. Ал медициналық мекемелер нақты жағдайды жасыру үшін «жалған рецептер» жазып отырған. Құжаттарға сәйкес науқастар дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілмегені белгілі болған. 

«Талдау қорытындысы бойынша Абай облысының барлық емханаларында Денсаулық сақтау министрлігінің «Әлеуметтік әмиян» қосымшасында QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жүйесі енгізілді. Қазіргі уақытта бұл - дәрі-дәрмектерді алудың балама әдісі, алайда ол қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетіп жатыр», делінген Антикор хабарламасында.

QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру пилоттық жобасының қорытындысы оң әсер байқатса, жүйені ел көлемінде енгізу жоспарланып отыр.