Жапония Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қосымша санкциялар енгізуді мақұлдады. Жапониялық шектеулер отандық ұйымдардың біріне де әсер етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Жапония министрлер кабинетінің отырысында белгілі болды. Экспортқа тыйым салынған тауарлар тізіміне кран қозғалтқыштарына арналған бөлшектер мен басқа да арнайы жабдықтарға арналған бөлшектер, сондай-ақ шағын мотоциклдер сияқты 335 позиция қосылған. Бұл Ресейдің өнеркәсіптік әлеуетін күшейтуі мүмкін.
Сондай-ақ химиялық қаруды әзірлеу үшін қолданылуы мүмкін капсаицин сияқты химиялық заттарды экспорттауға тыйым салынды.
Бұл тыйым 23 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Сондай-ақ үкіметтік шешімде Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектеседі деген күдікке ілінген алты елдің 31 ұйымына экспортқа тыйым салу қарастырылған. Бұл топқа Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Қытай, Қырғызстан, Таиланд және Түркияда елдері кірген.
Алайда санкциялар енгізілген ұйымдардың атауы есепте көрсетілмеген.
Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Есимаса Хаяши баспасөз мәслихатында Жапония G7 елдерін қоса алғанда, халықаралық қауымдастықпен ынтымақтаса отырып, Украина төңірегіндегі жағдайды шешуге бағытталған халықаралық күш-жігерге өз үлесін қосатынын мәлімдеді.