Чехияның солтүстік-батысындағы Мост қаласында «U Kojota» мейрамханасында газ жарылып, салдарынан алты адам қаза тауып, сегіз адам түрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Around Prague басылымының хабарлауынша, жарылыс мейрамхананың бақшасында газ жылытқышының құлап кетуінен болған.
Өрт сөндірушілер келгенше ғимарат жалынға оранып үлгерген. Сондай-ақ, өртті сөндіру барысында бірнеше пропан-бутан баллондары жарылып, қалғандары ғимараттан шығарылған.
Қызыл жалынды сөндіруге 13 бөлімшеден 63 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Өрт түнгі 1-де оқшауланған, бірақ ерікті өрт сөндірушілердің бірі зардап шеккен.
Айта кетейік, жарылыс кезінде мейрамханада 20-ға жуық қонақ болған.