Қоғам 14 Қаңтар, 2025

Тоқаевтың тағы бір ел көрмеген фотосуреті жарияланды

180 рет
көрсетілді

Танымал қытайтанушы Иван Зуенко Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағы бір ел көрмеген суретін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«1983/1984 оқу жылының тағылымдамадан өтушілер тобының Бейжің тіл институтындағы сабақ кезінде түсірілген суреті... Екінші қатарда екінші тұрған - қазіргі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Оның жанында сол кездегі ММУ тарих-филология факультетінің деканы Антонина Федоровна Котова. Бірінші қатардың оң жақ шетінде - ММУ Шығыстану институтының түлегі, қазір Ресей Федерациясының ҚХР-дағы елшісі Игорь Владимирович Моргулов», деп түсіндірді Зуенко. 

Қытайтанушының айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев тағылымдамадан өтушілердің бірінші тобының старостасы болған. 1984-1985 жылдары ол КСРО Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында қызмет еткен, ол кезде бұл өте беделді жұмыс болып есептелген.

Айта кетейік, Иван Зуенко — ММХҚИ Халықаралық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері, шығыстану кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.