Бүгін 7: 30 шамасында «Алматы-Өскемен» автожолының 28 шақырым учаскесінде 18 көлік қақтығысқан ірі жол апаты болды, деп жазады Egemen.kz.
«ҚазАвтоЖол» компаниясы апат қалың тұман салдарынан болғанын мәлім етті.
Алдын ала мәліметтер бойынша жүргізушілер тұман кезінде жылдамдық пен қауіпсіз арақашықтықты сақтамаған.
«Оқиға болған жол учаскесі ІА техникалық санатқа жатады, 6 жолақты. Жолдың жүру бөлігі құрғақ, ақаусыз және бөгде заттар болмаған», делінген «ҚазАвтоЖол» түсініктемесінде.
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Оқиғаның өзге де мән-жайы анықталып жатыр.
Компания сағат 9: 25 шамасында 18 көліктің 16-сы жол бойынан шығарылғанын хабарлады. Қалған 2 көлік эвакуатор қызметін күтуде.