Әлем 15 Қаңтар, 2025

Оңтүстік Корея президенті тұтқындалды

86 рет
көрсетілді

15 қаңтар таңертең Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл тұтқынға алынды. Ол Оңтүстік Корея тарихында президент лауазымында жұмыс істеп жатқан, бірақ қызметінен уақытша шеттетілген уақытта тұтқындалған алғашқы мемлекет басшысы болып отыр, деп жазады Egemen.kz.

Соттың оны тұтқындау туралы ордерін орындауға 200-ге жуық полиция қызметкері мен 40 тергеуші қатысқан. Олар резиденцияда президент күзетшілерінің қарсылығына тап болған. 2,5 сағаттық келіспеушіліктен кейін ғана полицейлер Юн Сок Ёлді тұтқындау операциясын орындай алды. 

Юн Сок Ёл 2024 жылдың 3 желтоқсанында елде әскери жағдай енгізген әрекетіне байланысты сынға ұшырап отыр. 

Ал Yonhap агенттігі президент Юн Сок Ёл көтеріліске жетекшілік етті деген айыппен қамауға алынғанын хабарлаған.