Кісі өлтіріп Әзербайжанға қашып кеткен Қазақстан азаматы қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауы бойынша 25 жастағы қазақстандық азамат Баку халықаралық әуежайында ұсталды. Ол кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген.
Күдікті жәбірленушінің ақшасын алу үшін өлтірген. Ал мәйітін Алматы облысындағы Іле ауданына апарып тастап, өзі елден қашып кеткен.
Қазіргі уақытта ұсталған күдікті қамауға алынды.