2024 жылы Қазақстанда барлығы 250 ағза мүшесі трансплантацияланған. Оның ішінде 227 ағза мүшесі тірі донорлардан, ал 23-і марқұмдардан алынған, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпаратқа қарағанда, 2012 жылдан бері трансплантация бағдарламасы аясында Қазақстанда 2800 операция жүргізілген. Олардың ішінде:
2353 операция (84%) — тірі донордан; 447 операция (16%) — қайтыс болғаннан кейінгі донордан.Қандай ағза мүшелері жиі трансплантацияланған?
Бүйрек - 2078 операция; Бауыр - 541 операция; Жүрек - 98 операция; Өкпе - 22 операция; Ұйқы безі - 2 операция; Мөлдір қабық - 59 операция.Қазіргі уақытта Қазақстанда трансплантацияны күту парағында 4113 адам (95 бала) бар, оның 3672-сі бүйректі қажет етеді, 184 адам донорлық бауырды және 138 адам жүректі күтіп жүр.
Ағза мүшелерін трансплантациялау тек медициналық ем-шара ғана емес, бұл - науқас адамдар үшін жаңа өмірге мүмкіндік.