• RUB:
    5.17
  • USD:
    529.7
  • EUR:
    545.96
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 09:28

Елордада соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден төленеді

20 рет
көрсетілді

Астана әкімдігінің бастамасымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне төленетін төлемақы мөлшері 2,5 есеге ұлғайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Астанада тұратын ардагерлердің әрқайсысына 5 миллион теңгеден беріледі. Айта кетейік, қазір елордада 6 ардагер тұрады.

«Бұдан басқа, жеңілдіктер бойынша соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер (ЧАЭС қатысушылары мен мүгедектерінен басқа) (соғыс кезеңінде қызмет еткен әскери қызметшілер, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарға қатысқан адамдар, Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, әскери қызметшілер, жаралануы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға, мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәулеленуінен генетикалық жолмен берілген) – 45 АЕК (176 940 теңге) мөлшерінде төлем алады. Өзге мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдардың ардагерлері (Ауғанстандағы әскери қимылдардың ардагерлерінен басқа) (тәжік-ауған секторында, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында тапсырмаларды орындаған әскери қызметшілер), Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуде) – 45 АЕК (176 940 теңге)», делінген хабарламада.

«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де тұлғаларға (тыл еңбеккерлері, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған соғыс ардагерінің жұбайы) – 15 АЕК (58 980 теңге) мөлшерінде беріледі.

Бұған дейін Жеңістің 80 жылдығына орай қарағандылық ардагерлердің әрқайсысына 3 миллион теңгеден берілетіні мәлім болған еді.