• RUB:
    5.97
  • USD:
    504.34
  • EUR:
    556.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қаңтар, 2025

Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды

50 рет
көрсетілді

Астана қаласының тұрғыны мен оның қызылордалық сыбайласы 2023-2024 жылдар аралығында алдын ала сөз байласу арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып келген.

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті таратқан мәлімет бойынша, олар ойын бизнесін Instagram әлеуметтік желісіндегі «@make_madikow» парақшасы арқылы лицензиясыз жүзеге асырып, 27 473 328 теңгеден асатын табыс тапқан.

Сот үкімімен М.Талғатова мен Т.Бурикулова Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 307-бабының 3-бөлігінің 2 тармағы талабына сәйкес кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге шартты түрде сотталды.