• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Медицина 17 Қаңтар, 2025

Қызылордада тұңғыш рет бауыр ауыстыру отасы жасалды

77 рет
көрсетілді

Қызылорда облыстық көпбейінді  ауруханасында 40 жастағы науқасқа жасалған бауыр трансплантациясы отасы сәттi аяқталды. Донор – 1993 жылы дүниеге келген пациенттің туысы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Kyzylorda-news.kz-тің жазуынша тоғыз жылдан бері бауыр циррозы дертіне шалдығып, емi нәтижесіз болған науқасқа жасалған ота он сағатқа созылған. 

Ота сәтті аяқталып қазіргі уақытта науқас қалыпты өмірге оралды.

Күрделі отаның жасалуына А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер Баймаханов Болатбек Бимендіұлы жетекшілік ететін трансплантологтар  арнайы келіп қолдау білдірген.

 

Соңғы жаңалықтар