Әлем 17 Қаңтар, 2025

Газаға 120 млн еуро көмек беріледі

149 рет
көрсетілді

Еуропалық одақ Газа секторына 120 миллион еуро көлемінде қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сонымен қатар ресми Брюссель ХАМАС-пен Израиль арасындағы бейбіт бітім мен тұтқындарды босату келісімін, «Екі мемлекет» туралы шешімге негізделген әділ және тұрақты бейбітшілікті толық қолдайтынын мәлімдеді.

Бұл мәселелер Еуроодақ астанасында Палестина Премьер-министрі мен Сыртқы істер министрі және Еуропарламент президентінің кездесуінде талқыға салынды.