• RUB:
    5.97
  • USD:
    504.34
  • EUR:
    556.34
Басты сайтқа өту
Елорда 18 Қаңтар, 2025

Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

141 рет
көрсетілді

Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жағдай Хан Шатыр ауданындағы Әнет баба көшесінде болған. Осы ауданда тұратын куәгерлердің айтуынша, жасөспірім 17 қаңтарда кешкі сағат 20:00 шамасында құлаған.

Қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

- Қылмыстық іс қозғалды. Себептер мен мән-жайлар анықталып жатыр, - деп түсіндірді Астана ПД баспасөз қызметі өкілі.