• RUB:
    5.97
  • USD:
    504.34
  • EUR:
    556.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Қаңтар, 2025

Атырау облысында жол-көлік оқиғасынан жасөспірім мерт болды

105 рет
көрсетілді

«ВАЗ – 2170 және Toyota Camry көліктері Атырау қаласынан Дамбы ауылына қатынайтын тас жолда соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 19 қаңтарда сағат 23:30 шамасында болған. Жол апаты болған жерде адам өлімі орын алды.

«2007 жылғы бозбала жүргізген ВАЗ – 2170 автокөлігінде отырған 16 жасар жасөспірім оқиға орнында қайтыс болды. Аталған көліктегі тағы бір жолаушы мен жүргізушісі ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада. 

Оқиғаға байланысты тергеу амалдары басталды.