Әлем 20 Қаңтар, 2025

Трамп Путинмен таяу уақытта телефон арқылы сөйлеседі

105 рет
көрсетілді

Бүгін сағат 22:00-де АҚШ президенті қызметін екінші рет атқаратын Дональд Трамп ант береді, деп жазады Egemen.kz.

Ол көмекшілеріне инауграция өткеннен кейін таяу уақытта Ресей Федерациясы президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді ұйымдастыруды тапсырып отыр. 

Бұл туралы CNN ақпараттық агенттігі хабарлады. Қос ел президентінің әзірге телефон арқылы сөйлесетін күні нақтыланбаған. Десе де CNN әңгіме ауаны Ресей-Украина қақтығысын тоқтатуға бағытталуы мүмкін екенін жазған. 

Айта кетейік, бұған дейін Трамп Вашингтонда өткен инаугурация алдындағы сөзінде мыңдаған қолдаушыларына «халық бетпе-бет келіп отырған барлық дағдарыстарды шешетінін» айтқан еді. Сондай-ақ ол ресми қызметіне кіріскен сәттен АҚШ-тың көші-қон және сауда саясатын түбегейлі өзгертуге білек сыбана кіріспек.