Ауа райы 20 Қаңтар, 2025

Алдағы күндері елімізде ауа райы күрт суытады

106 рет
көрсетілді

21-22 қаңтарда солтүстік-батыс циклонының әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады. Солтүстік өңірлерде қар жауады. Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын жауады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Сондай-ақ республика бойынша боран соғып, көктайғақ болады, тұман түсіп, екпіні 15-28 м/с  жел соғады. Ал Қазақстанның шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 30 м/с және одан да қатты жел күтіледі.

«Бүкіл ел бойынша температура күрт төмендейді, елдің солтүстік жартысында 25-35 градусқа дейін, оңтүстігінде 15-25 градусқа дейін аяз болады», деп жазылған хабарламада.