• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қаңтар, 2025

Маңғыстау облысында жасөспірімді ит талап тастаған

68 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысындағы ауылдардың бірінде мектеп жанында оқушыны ит қауып алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлеуметтік желілерде Ақшұқыр ауылында ит тістеп алған баланың бейнесі тарады. Кадрлардан оның тура мектептің жанындағы жолдың бойында жатқандығын көруге болады. Алған жарақаттарынан жасөспірім еріксіз жылап жатты.

«Мектеп оқушысын ит қауып алды. Қолдары қан-қан. Бірнеше жерінен тістеген. Шабуыл жасаған ит әні тұр. Балаларды иттер осылай тістейді», деді бейне авторы.

Соңғы жаңалықтар