Индонезияның монополияға қарсы агенттігі Google компаниясын Google Play дүкенінінің төлем жүйесі қызметтеріне қатысты әділетсіз іскерлік тәжірибесі үшін шамамен 202 миллиард рупия (12,4 миллион доллар) айыппұл төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
2022 жылы Google индонезиялық қолданба әзірлеушілерінен Google Play Billing қызметін басқа төлем жүйелеріне қарағанда жоғары тарифтермен пайдалануды талап еткен.
Анықталғандай, Google Индонезияның монополияға қарсы заңын бұзған. Сондай-ақ, Google Play Billing арқылы 30%-ға дейін алымдар алынғаны белгілі болған.
Айта кетейік, Google 280 миллион халқы бар және цифрлық экономикасы қарқынды дамып келе жатқан елдегі нарықтың 93 пайызын бақылайды.
Сәрсенбіде Google өкілі компанияның шешіміне шағым түсіретінін мәлімдеді.
Жалпы, соңғы онжылдықта Еуропалық Одақ Google компаниясына бәсекелестікке қарсы әрекеттері үшін 8 миллиард еуродан астам (8,3 миллиард доллар) айыппұл салған.