Қоғам 22 Қаңтар, 2025

Екі тәулікте қар құрсауынан 700 адам құтқарылды

91 рет
көрсетілді

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен екі тәулікте ауа-райының нашарлап, боранға, көктайғаққа, қатты желге ұласуына байланысты 15 өңірдің аумағында республикалық маңызы бар автожолдардың 62 учаскесінде және облыстық маңызы бар 65-тен астам учаскеде қозғалысқа шектеу енгізілді.

ТЖМ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, жол және медициналық қызметтермен, волонтерлермен бірлесіп, халыққа көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырды. Көлік кептелесі болған орындарда адамдар жылытылатын шатырларға орналастырылып, ыстық тамақ берілді. 

ТЖМ күштерімен 337 шығу, іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстары жасалды. Операция барысында 685 адам, оның ішінде 40 бала құтқарылып, эвакуацияланды. Сондай-ақ 60-тан астам көлік қар құрсауынан шығарылған.

Айта кетейік, еліміздің 18 өңірінде жедел штабтар ашылып, жедел желі телефондары жұмыс істеп тұр.