Сиэтлдің аудандық соты Дональд Трамптың АҚШ-та өмірге келген балаларға азаматтық беруді шектейтін жарлығының күшін уақытша тоқтатты. 22 штат, сондай-ақ Сан-Франциско қаласы мен Колумбия округінің бас прокурорлары Трамптың жарлығына тосқауыл қоюды талап етіп, сотқа шағым түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz DW басылымына сілтеме жасап.

Сот шешімі Вашингтон, Иллинойс, Орегон және Аризона Штаттарының өкілдерінің талабын қанағаттандырды, олар бұл Жарлық АҚШ Конституциясының 1868 жылы қабылданған 14-ші түзетуін бұзды деп мәлімдеген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Трамп туу құқығы бойынша азаматтық алуды шектейтін Жарлыққа қол қойған болатын. Жарлық федералды агенттіктердің АҚШ азаматтарына елде заңсыз жүрген ата-анадан туылған немесе аналары АҚШ-та уақытша тұратын балаларға арналған құжаттарды беруіне тыйым салады.
Бұқаралық ақпарат құралдары 30 күннен кейін күшіне енетін бұл қадам сотта дау тудыруы мүмкін екенін атап өтті, өйткені бұл АҚШ Конституциясының 14-ші түзетуіне қайшы келеді. Осыған байланысты құқық қорғаушылар АҚШ президентінің әкімшілігін сотқа берген.