Қайсар Жұмабайұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қайсар Жұмабайұлының БАҚ және PR саласында тәжірибесі мол. Әр жылдары Алматы қалалық «Столичное обозрение» газетінде, «Шахар» ТРК, «Қазақстан» РТРК, «Хабар» АҚ-да қызмет еткен.
Сонымен қатар ол Президент әкімшілігінің талдау және болжамдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, Тұңғыш Президент қорының стратегиялық коммуникациялар орталығының жетекшісі, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының БАҚ пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры лауазымдарында еңбек еткен.