Әлеуметтік желіде Google Mars спутнигі ұсынған суреттер негізінде «Каспий теңізінің түбіне кеме батып кеткен болуы мүмкін» деген ақпарат тараған болатын. Осыған орай теңіз түбіне зерттеу жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Маңғыстау облысының туризм басқармасы мен төтенше жағдайлар департаменті болжалды координаттар бойынша Меловой мүйісінен 1,5 шақырым қашықтықтағы теңіз түбін зерттеді. Зерттеу қорытындысы бойынша желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтыны анықталды.
«Құтқарушылар Y-150 тереңдік сканерлі эхолотын қолданып, теңіз түбін зерттеді. Нәтижесінде батқан нысандар анықталмады. Зерттелген аймақтағы тереңдік 9–10 метр болады», делінген хабарламада.