Спорт 27 Қаңтар, 2025

Қазақстан конькишілері қола жүлде жеңіп алды

113 рет
көрсетілді

Конькимен жүгіруден Канаданың Калгари қаласында әлем кубогы кезеңі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спортты дамыту дирекциясынан мәлім болғандай, Кристина Силаева, Дарья Важенина, Надежда Морозова үштігі қашықтықты 1:26.36 секундта еңсерген, сөйтіп, Қазақстан қоржынына қола медаль салған.

Алтын жүлдені Канада (1:24.90), ал күміс медальді Польша (1:25.02) жеңіп алған.