Бокс 28 Қаңтар, 2025

Биыл бокстан Азия чемпионаты қашан өтеді

50 рет
көрсетілді

WORLD BOXING ұйымы осы жылы Азия чемпионаттары өтетін уақытты белгіледі, деп жазады Egemen.kz.

Биыл барлық жас ерекшеліктерінде ер және әйелдер сыны бірге өткізіледі. 

Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, 15-17 жастағы былғары қолғап шеберлері 17 сәуір - 1 мамыр аралығында Азия чемпионы атағын сарапқа салады. Бұл бәсеке Иорданияның Амман қаласында ұйымдастырылады.

19-22 жастағы спортшылар арасындағы тартыс 20 шілде мен 3 тамыз аралығына бекітілген. Жарыс ұйымдастырылатын ел әзірге анықталмаған. 

Ересектер 1 - 15 қазан аралығында Азия чемпионы атану үшін жұдырықтасады. Бұл санаттағы бәсекенің де өтетін орны әлі нақтыланбаған.