Оқиға 28 Қаңтар, 2025

Атыраудағы балалар үйінде ер адам жасөспірімге қол көтерген

77 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде Атыраудағы балалар үйінің бірінде ер адамның жасөспірімді аяқ-киіммен ұрған видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Айжан Сәрсенбаева,  бұл оқиғаның 2024 жылдың шілде айында «Шаңырақ» балалар үйінде болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бала жүргізушіні мазақтағаннан кейін, ер адам оны аяқ-киіммен бірнеше рет ұрған.

Қазіргі таңда  аталған оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп, қылмыстық іс тіркелген.