Оқиға Созақ ауданындағы Аққолтық ауылында болған. Тұрғын үйде 27 литрлік тұрмыстық газ баллоны жарылып, нәтижесінде ауданы 180 шаршы метр жеке тұрғын үй толығымен қираған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін көршілер күйік шалған алты адамды үйінді астынан шығарып, ауруханаға жеткізген. Зардап шеккендердің үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Белгілі болғандай, олардың бесеуі кәмелеттік жасқа толмаған.
Жарылыстың себептері анықталып жатыр.
ТЖД мәліметінше, сағат 21:40-та үйінділерді тазалау жұмыстары кезінде 20 шаршы метрлік шатырдың құлаған бөлігінде өрт болған. Қызыл жалын 21:55-те оқшауланып, 23:12-де толығымен сөндірілген.