АҚШ президенті Дональд Трамп TikTok әлеуметтік желісін Microsoft компаниясы сатып алу үшін келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кетейік, бүгінде бұл платформаны сатып алуға Американың бірнеше алпауыт компаниялары ниет білдіріп отыр. Тіпті TikTok-тың бас компаниясы ByteDance қосымшаны 200 миллиард долларға бағалап отырғаны мәлім болды.
АҚШ президенті Microsoft компаниясының платформаны сатып алуға қызығушылық танытып отырғанын растап, бұл іске Қытайды араластырмайтынын айтқан.
Бұған дейін Дональд Трамп қосымшаға тыйым салу шешімін 75 күнге кейінге қалдыру туралы жарлыққа қол қойған еді.