Заң 29 Қаңтар, 2025

Қазақстан мен Қатар қылмыскер алмасады

134 рет
көрсетілді

Былтыр 14 ақпан күні Доха қаласында  Қазақстан мен Қатар арадағы қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімге қол қойған еді, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін Мәжіліс депутаттары осы келісімді ратификациялады. Құжат екі елдің құзырлы органдары арасындағы байланысты нығайтып, қылмыстық қудалауда жүрген азаматтарды алмасуға мүмкіндік береді. 

«Келісім ұстап берудің және одан бас тартудың негіздерін анықтайды, сондай-ақ ұстап берудің шарттары мен тәртібі, оны кейінге қалдыру және уақытша беру туралы ережелерді қамтиды. Әр тарап өз азаматтарын ұстап беру мәселесін қарастырмайды. Іздеудегі адамдарды алдын ала қамауға алу тәртібі, сондай-ақ қылмыс нәтижесінде алынған немесе дәлел бола алатын заттар мен құжаттарды алу және беру мәселелері реттеледі», делінген Мәжіліс хабарламасында.